Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп жатыр. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Конституция жобасы адамның қолданыстағы құқықтары мен бостандықтарын сақтап қана қоймай, олардың аясын кеңейтіп, нақты іске асуын және қорғалуын күшейтейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Видеодан алынған кадр
«Конституция – мемлекеттің құқық жүйесінің іргетасы. Оның негізінде қабылданатын заңдар әрқайсымыздың және әр баланың өмірі, болашағы мен әл-ауқатына тікелей байланысты. Конституция жобасы мазмұндық тұрғыдан үш маңызды тірекке негізделеді: бостандықтар, құқықтар және міндеттер. Олардың бірлігі – Конституцияның мәні мен тұтастығын қалыптастырады. Бостандық пен құқыққа мемлекет тарапынан кепілдік беріледі, ал олардың жүзеге асырылуы өзгелердің құқықтарын бұзуға жол бермейтін, конституциялық тәртіпке нұқсан келтірмейтін жауапты мінез-құлық және міндеттерді сақтаумен қамтамасыз етіледі», деді Динара Зәкиева.
Бұл ретте уәкіл бірқатар конституциялық өзгерістерге назар аударып, негізгі Заңның басымдығын белгілеп берді.
«Біріншіден, екінші бөлімнің атауы өзгереді. Қазіргі «Адам және азамат» атауының орнына «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» деген атау ұсынылады. Бұл өзгеріс адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ міндеттерінің басым маңызға ие екенін айқын көрсетеді», деп санайды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.
Бұл бөлім құрылымдық тұрғыдан 29 түрлі құқықты, бостандықты және міндетті қамтиды. Конституция жобасында бекітілетін барлық құқықтар мен бостандықтар оларды іске асыру шарттарымен қатар белгіленеді.
Жаңа Конституцияда қазақ тілінің мәртебесі қалай бекітілмек?
Тағы бір маңыздысы – Конституцияның жобасында адамның барлық жеке құқықтарының қол сұғылмаушылығы тікелей бекітілген.
«Жаңа редакцияда құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтарын бұзбауға және бостандықтарын шектемеуге тиіс, конституциялық құрылымның негіздеріне, қоғамдық тәртіпке, азаматтардың денсаулығына және қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтірмеуі тиіс екені нақты айқындалады. Осы тұрғыдан алғанда, Конституцияда адамның ар-намысы мен қадір-қасиетінің қол сұғылмаушылығы және олардың заңмен қорғалатыны туралы Ереженің ерекше маңызы бар. Бұл адам абыройын қорғауды жаңа деңгейге көтермек», деді ол.
Марат Башимов: Жеке деректерді қорғау Конституцияда бекітілуі тиіс
Комиссия отырысында атап өтілгендей, Конституциядағы хат алмасу, хабарламалар мен жеке өмір құпиясының қол сұғылмаушылығы туралы норма бұл құқықтардың да қорғалатынын айқын көрсетеді.
«Конституция жобасы қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып, бұл қағидалардың технологиялық серпін жағдайында да толық қолданылатынын нақты айқындайды. Ар-ождан бостандығы, еңбек ету құқығы, жүріп-тұру еркіндігі, тұрғын үйге, меншікке, денсаулық сақтауға қатысты құқықтар өзгеріссіз қалып отыр», деп қорытындылады Динара Зәкиева.
Соңғы жаңалықтар
ЕҰУ-да сарапшылар жаңа Конституция жобасын талқылады
Қоғам • Бүгін, 16:51
UFC рейтингі жаңартылды: Шавкат Рахмонов тізімде бар ма?
Спорт • Бүгін, 16:23
Сапаға сай төлем: 14 ақылы учаскеде төлемақы қайта есептеледі
Оқиға • Бүгін, 16:04
Экономист әлеуметтік түйткілдер туралы: Атау ауыстыру мәселені шешпейді
Экономика • Бүгін, 15:57
Павлодарда құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы 2 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 15:49
Қаңтардағы инфляция 12,2%: Жанармай бағасы өсіп жатыр
Экономика • Бүгін, 15:35
2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтетін болды
Спорт • Бүгін, 15:13
Қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретіндер саны артты
Қоғам • Бүгін, 15:06
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтеді
Оқиға • Бүгін, 14:46
Футболдан Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды
Футбол • Бүгін, 14:32
Іздеу жарияланған атыраулық күдіктінің 5 баласы мемлекет қарауына алынды
Оқиға • Бүгін, 14:21
Қарағанды облысында темір рудасын заңсыз саудалағандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:07
Мәулен Әшімбаев: Ғылым экономиканың нақты секторларын да дамытуы керек
Экономика • Бүгін, 13:52
JOLTAP жобасы: Көпбалалы ана Kaspi-дүкен арқылы кәсібін дөңгелетіп отыр
Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 13:43
Олимпиададағы алғашқы допинг-дауы: Италиялық биатлоншы жарыстан шеттетілді
Спорт • Бүгін, 13:18