Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы өмірден өтті

16.01.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы, ғалым-микробиолог Рауза Қонаева 91 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы, ғалым-микробиолог Рауза Қонаева 91 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жеткізді.

"Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, Рауза апа! Айтқан сөзіңіз, тілегіңіз жүрегімде, Мұрат Тәжімұратұлы ағамыз екеуіңіз әрдайым жүрегімде боласыздар!" - деді ол.

Айта кетейік, Рауза Ахметқызы 1956 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қазақ КСР Молекулалық биология және биохимия институтының директоры қызметін атқарған.

1956-2016 жылдары Қазақстан Ғылым академиясында еңбек етті. Ол - ғылым докторы, профессор.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью