Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Биыл шаруалар үшін дизель отынының бағасы литріне 263 теңге деңгейінде бекітілді. Алайда түпкілікті бағаны өңірлік операторлар анықтайды, ол литріне 281 теңгені құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Министрдің айтуынша, 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізу үшін Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері бірлесіп жоспар бекіткен. 1 ақпан мен 30 маусым аралығына 402,2 мың тонна дизель отынын бөлу кестесі қабылданған.
Өңірлер үшін дизель отыны орта есеппен литріне 281 теңге болады. Бұл нарықтағы бөлшек бағадан шамамен 15%-ға төмен.
«Жанармайдың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін бақылау шаралары күшейтілген. Атап айтқанда, жеке ПИН-кодтар енгізу, дизель отынын түске бояу және электрондық шот-фактура жүйесінде арнайы виртуалды қойма құру тетіктері қолданылып отыр», деді министр.
Ведомство мәліметінше, жоспарланған көлемнің бір бөлігі жеткізілген: 402,2 мың тоннадан 204,8 мың тоннасы немесе 51% жөнелтілген. Жалпы іріктеу көлемі 729 мың тоннадан 602 мың тоннаға дейін қысқарып, 127 мың тоннаға немесе 21%-ға азайған.
Францияда дизель бағасы соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті
Министрлік ауыл шаруашылығын дизель отынымен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда екенін атап өтті.
Нұрболат АМАНБЕК
Соңғы жаңалықтар
Арыста ағайындылар ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірген
Есірткі • Бүгін, 11:00
Месси футболдан әлем чемпионатына қатыса ма?
Футбол • Бүгін, 10:50
«Челси» жанкүйерлері Дастан Сәтпаевтың голына тәнті болды
Футбол • Бүгін, 10:45
Шымкентте колледж басшысы түрмеде отырып 1,3 млрд теңге жымқырған
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:33
Қоғам • Бүгін, 10:32
Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі: Экономикалық логика және жеке капиталдың рөлі
Экономика • Бүгін, 10:25
Елімізде ІЖӨ көлемі 3,6%-ға өсті
Экономика • Бүгін, 10:20
Жұбайын «Парламент атынан» құттықтаған Мәжіліс депутаты көпшіліктің сынына ұшырады
Оқиға • Бүгін, 10:14
Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:57
Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:37
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:30
Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Қазақстанға үстел теннисінен әлем чемпионатының туы тапсырылды
Теннис • Кеше
Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
Ауа райы • Кеше
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Президент • Кеше