Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Астанада 23 адам жиһаз аламыз деп алданып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті ретінде 31 жастағы әйел ұсталды.
"Ол әлеуметтік желіде тұрмыстық жиһаз сататыны туралы хабарландыру орналастырған. Тұрғындар қызығушылық танытып, онымен байланысып, алдын ала төлем аударған. Қолма-қол ақша алғаннан кейін күдікті байланысқа шығуды тоқтатқан", - дейді полиция.
Күдіктінің 23 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Жедел іздестіру барысында әйел ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.