Диванда секіртіп жіберді : алматылықтар жер сілкінісін қалай сезінді

28.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

28 қыркүйек таңы алматылықтар үшін үреймен басталды - қалада бірнеше сағат айырмашылықпен жер асты дүмпулері қайта сезілді. Әлеуметтік желілерде әсерін бөлісіп, бұл жолғы жер сілкінісінің қаншалықты күшті болғанын білуге тырысқан қала тұрғындарының жазбаларына толды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының түрлі аудандарының тұрғындары дүмпудің алғашқы секундтарын сипаттап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, сезілген дүмпулер әртүрлі болған: бірі бірден қатты соққыны айтса, енді бірі тербелістің байқалғанын алға тартты.


Скрин: Threads

Жазбаларға қарағанда, жер сілкінісі әсіресе көпқабатты үйлерде қатты сезілген. Жоғарғы қабат тұрғындары дірілден жиһаздардың айтарлықтай шайқалғанын айтты. Кейбіреулер дүмпу кезінде 15-қабатта болу өте қорқынышты болғанын атап өтті.


Скрин: Threads

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

18 тамыз 13:06 2

Кейбір қала тұрғындары не болғанын бірден түсінбеген. Алғашқы дыбыстар мен дірілді олар ауыр заттың құлауы немесе көршілердің шуы деп ойлап қалған. Алайда толастамаған тербеліс бұл жер асты дүмпуі екенін тез аңғартқан.


Скрин: Threads

Жер асты дүмпуінің алғашқы толқынын алматылықтар таңертең ерте - шамамен сағат 06:33-те сезінді. Қала тұрғындарының айтуынша, сағат 09:37–09:40 шамасында қайталанған дүмпулер әлдеқайда қаттырақ болған.


Скрин: Threads

Дүмпулер туралы хабарламалар аясында алматылықтар телефондарын тексеріп, шұғыл хабарландырудың келіп-келмегенін анықтай бастады. Желі қолданушыларының бірі смартфондардағы push-хабарландырулар мен дабылды дыбыстық сигнал дүмпу тоқтағаннан кейін шамамен 1–4 минуттан соң кешігіп келгенін айтты.


Скрин: Threads

Алматылықтар сонымен қатар түрлі құрылғылардағы хабарландыру жүйесінің жұмысын салыстырып жатыр. Android қолданушылары шұғыл хабарламалар жылдамырақ келгенін айтса, iPhone иелері дабылды сигналдың айтарлықтай кешіккенін атап өтті.

Жер сілкінісінен кейін бірден Алматы көшелеріне ғимарат ішінде қалуға жүрексінген қала тұрғындары шықты.

Фото Tengrinews.kz

Еске салсақ, бұған дейін ТЖМ жер сілкінісің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде болғанын мәлімдеді.

Есептік қарқындылығы:
Қаскелең - 2-3 б
Боралдай - 2-3 б
Өтеген-Батыр - 2 б

Ал Алматы қалалық ТЖД 112 және 101 нөмірлеріне жер сілкінісіне байланысты оқиғалар мен шағымдар туралы ақпарат түспегенін хабарлады.

Тағы оқыңыз: Алматылықтар жер сілкінісін сезді

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью