Доллар 600 теңгеге жетуі мүмкін бе?

03.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Сарапшының айтуынша теңге бағамы алдағы уақытта әлсіреуі мүмкін, алайда валюта нарығында күрт құлдырау қаупі әзірге жоғары емес.

«Теңге бағамына әсер етіп отырған негізгі факторлардың бірі – Ұлттық банктің валюта сатып алуы. Сәуір айында Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) үшін шамамен жарты миллиард доллар сатып алды.  Бұл әрекет теңгені жанама түрде қолдау шараларының тоқтауына алып келді. Мамыр айында да валюта сатып алу жалғасты. Ресми мәліметтерге сәйкес, Ұлттық банк осы кезеңде БЖЗҚ үшін шамамен 900 миллион долларға жуық қаржыға валюта сатып алған», деді сарапшы өзінің Instagram парақшасында.

Елемесовтің пікірінше, маусым айында теңгеге қысым сақталуы мүмкін. Бұған Ұлттық қордан бөлінетін трансферттердің азаюы және базалық мөлшерлеменің төмендеуі ықпал етуі ықтимал.

Соған қарамастан, сарапшы теңге бағамының бақылаусыз құлдырауы күтілмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі жағдайды дағдарыс деңгейінде бағалауға негіз жоқ.

Доллар бір күнде 3 теңгеге қымбаттады

Айта кетейік, мамыр айында теңге бағамы 5,1 пайызға әлсіреп, бір доллар үшін 486,51 теңгені құрады. Ал 2 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 492,75 теңге деңгейінде қалыптасты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью