Доллар айырбастау пунктерінде қарқынды төмендеуін жалғастыруда

06.04.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

6 сәуірдегі доллар бағамы

Сағат 11:20-дағы жағдай бойынша Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 471 теңгеден сатылып, 464 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда америкалық валютаның сату бағасы 467 теңгеде болса, сатып алу орта есеппен 464 теңгеден болған.

Айта кетейік, 3 сәуірде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 470,46 теңген болып, 1,96 теңгеге төмендеді.

Сол күні Астананың ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 474 теңге сатылып, 467 теңгеден сатып алынды. Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың орташа сату бағамы - 471,21 теңге, ал сатып алу бағамы 468,55 теңгеге жеткен.

Доллардың 6 сәуірдегі ресми бағамы

Ұлттық банктің 6 сәуірдегі ресми бағамы 470,46 теңгегге тең.

Теңге бағамына не әсер етеді?

Бұған дейін журналистер Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтен доллар бағамы неге төмендеп жатқанын және мұның қазақстандықтарға қалай әсер ететінін сұраған еді. Ол ұлттық валютаның нығайып жатқанын түсіндірді: еліміздің негізгі экспорттық тауары - мұнайдың (экспорттық түсімнің 50 пайыздан астамы) бағасы өсіп жатыр, бұл нарықтағы валюта ұсынысын арттырады. Соның салдарынан доллар бағамы құлдырады.

Сүлейменов Ұлттық банктің инвестициялық кеңес бермейтінін, ал қазақстандық теңгенің өз тұрақтылығын дәлелдегенін атап өтті. Былтырғы қорытынды бойынша теңге жоғары табыстылық көрсетіп, тәуекел мен табыс арақатынасы тұрғысынан әлемдегі ең тартымды валюталардың бірі ретінде танылып, инвестиция тартып жатыр.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью