Доллар бағамы 2024 жылдың жазындағы ең төменгі деңгейге дейін түсті

28.04.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстанда 28 сәуірдегі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда 28 сәуірдегі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,95 теңгеге төмендеп, 457,21 теңгені құрады. Айта кетейік, бұл - доллар 460 теңгеден төмен түскен 2024 жылғы маусымнан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Ұлттық банктің 28 сәуірдегі ресми бағамы – 460,80 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы сатып алу – 457,89 теңге; сату – 460,14 теңге. Астанадағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы сатып алу – орта есеппен 454,06 теңге; сату – 461,06 теңге.

Еске сала кетейік, 24 сәуірде Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады. Ол +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 18 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалды.

Кейін реттеуші басшысы Тимур Сүлейменов Ұлттық банк таяу болашақта базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін

Кеше 20:44 1

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі елдегі доллар бағамына қатысты жағдайға араласуды жоспарлап отырған жоқ деп мәлімдеген, өйткені нарық тұрақты және нарықтық факторлар аясында жұмыс істеп тұр. Реттеуші мәліметінше, бірінші тоқсанда валютаға деген сұраныс азайып, компаниялар долларды нетто-сатып алушылардан нетто-сатушыларға айналды, бұл теңгеге қолдау көрсетті.

Ұлттық валютаның нығаюына мұнайдың жоғары бағасы, теңгелік активтерге шетелдік инвестициялардың келуі және маусымдық факторлар да септігін тигізіп отыр. Ұлттық банктегілер реттеушінің операциялары жоспарлы сипатта екенін және бағамды басқаруға бағытталмағанын атап өтті. Жалпы, теңгенің қазіргі нығаюы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімімен түсіндіріледі.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью