Доллар бағамы айырбастау пунктерінде 450 теңгеден төмен түсті

10.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы айтарлықтай төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сағат 13:20-дағы жағдай бойынша, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 455 теңгеден сатылып, 448 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда америкалық валютаны сату бағамы 452 теңге болса, сатып алу бағасы орта есеппен 449 теңге болып тұр.

Салыстырмалы түрде айтсақ, 9 қыркүйекте Астанада доллар орта есеппен 459 теңгеден сатылып, 452 теңгеден сатып алынған болатын. Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың орташа сату бағамы 456 теңге, сатып алу бағамы 454 теңге болған еді.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 10 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы бір доллар үшін 456,89 теңгеге тең..

Доллар бағамы не болады?

Бұған дейін экономистер Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешімі теңге бағамына қалай әсер ететініне баға берген болатын. 4 қыркүйекте реттеуші мөлшерлемені жылдық 16,25 пайызға дейін төмендетті.

Экономистер пікірінше, бұл шешімнің өзі доллар бағамының күрт өсуетінін білдірмейді. Алдағы айларда теңге бағамына мұнай бағасы, әлемдік нарықтағы жағдай, импортқа деген сұраныс, сондай-ақ мемлекет пен Ұлттық банктің валюта нарығындағы операциялары әсер етеді.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

306 заңбұзушылық: Астанада жүргізуші жазаланды

Кеше 18:00 1

Экономистер доллар бағамының өзгеруін тек базалық мөлшерлеменің төмендеуімен байланыстыру дұрыс емес екенін атап өтті. Олардың айтуынша, қысқа мерзімді кезеңде нарықтағы ақша ағындары маңызды рөл атқарса, ұзақ мерзімді перспективада инфляция, сауда балансы, бюджет саясаты, шикізат бағасы және сыртқы қаржылық жағдайлар шешуші факторларға айналмақ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью