Доллар бағамы биржада тағы арзандады

16.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,61 теңгеге түсіп, 471,46 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 474,08 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында: 

– доллар 468,00 теңгеден сатып алынады, 475,00 теңгеден сатылады; 

– еуро: сатып алу – 552,00 теңге, сату – 562,00 теңге; 

– рубль: сатып алу – 5,95 теңге, сату – 6,25 теңге. 

– юань: сатып алу – 68,55 теңге, сату – 74,19 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 471,10 теңгеден сатып алынады, 473,45 теңгеден сатылады. Еуро 554,71 – 560,21 теңге, ал рубль 6,09 – 6,23 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,70 теңгеден сатып алынады, 71,60 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 15 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,63 теңгеге түсіп, 474,08 теңге болды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью