Доллар бағамы неліктен құлдырады Сүлейменов себебін атады

01.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

- Қазақстанның негізгі экспорттық тармағы – бағасы өсіп келе жатқан мұнай және ол экспорттық түсімнің 50 пайыздан астамы. Көлем сол күйінде қалғанымен баға өсіп жатыр, экспорттық түсім көлемі де арта түсті, - деді Ұлттық банк төрағасы Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі брифингіде.

Осы ретте БАҚ өкілдері одан доллар бағамы құлдырауы аясында Ұлттық қор қаншалық шығынға ұшырағанын және қаражатын доллармен сақтап отырған отандастарына қандай кеңес берерін сұраған еді.

- Ұлттық қор жоғалтуы немесе жоғалтпауы мүмкін емес. Өйткені Ұлтық қордың валюталық бөлігіне қараймыз. Ол доллармен сақталған. Біз инвестициялық кеңес бере алмаймыз, - деді Тимур Сүлейменов.

Бұған дейін 2025 жылдың басынан бері Ұлттық қордың активтері екі рет айтарлықтай азайып, қайта толысқанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью