Доллар бағамы сауда саттықта 4 теңгеге жуық арзандады

15.05.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 470,17 теңгені құрап, 3,87 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,42 теңгеге дейін түсіп, 0,04 теңгеге арзандады.

Ал қытай юанінің орташа сараланған бағамы 69,39 теңге болып, 0,44 теңгеге төмендеді.

Айырбастау пункттерінде валюта бағамы мынадай деңгейде қалыптасты:

доллар: 469,6–471,8 теңгееуро: 546,7–553 теңгерубль: 6,22–6,35 теңге

Сонымен қатар, 15 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы өсті.

ICE Futures алаңындағы Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 3,24%-ға өсіп, барреліне 109,15 долларды құрады.

Ал NYMEX биржасындағы WTI мұнайының маусым айындағы фьючерстері 3,78%-ға қымбаттап, барреліне 104,99 долларға жетті.

Айта кетейік, таңертең Қазақстан Ұлттық Банкі доллар бағамын 474,04 теңге, еуроны 555,01 теңге, ал рубльді 6,45 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью