Доллар бағамы төмендеп жатыр Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін атады

01.04.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстанда доллар бағамы неге төмендеп жатыр? Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке осындай сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда доллар бағамы неге төмендеп жатыр? Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке осындай сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мәжіліс кулуарында журналистер Сүлейменовтен "долларға не болды? Неге бағам төмендеп барады, неге өспейді және бұл азаматтарға қалай әсер етеді?", - деп сұрады.

Ұлттық банк төрағасы ұлттық валюта нығайып жатқанын айтты.

"Бағам өскен кезде - бұл бізге, әрине, ұнамайды. Төмендеген кезде де ұнамай ма? Теңге нығайып жатыр. Осылай деуге болатын шығар. Бірақ бұл базалық экономика. Қазақстанның негізгі экспорттық тауары, яғни мұнай (еліміздің экспорттық түсімінің 50 пайыздан астамы) қымбаттап жатыр. Көлемі бұрынғыдай, бағасы өсіп жатыр - сәйкесінше, біздің экономикада бар және валюталық нарықта ұсынылатын экспорттық түсім көлемі де өседі. Тиісінше, бір бірлік бағасы, яғни доллар бағамы, төмендейді", - деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.

Журналистер долларға салған қазақстандықтар мұндай жағдайда қаражатынан айырылып жатқанын айтты. Сондай-ақ БАҚ өкілдері активтері доллармен есептелетін Ұлттық қорда да осындай жағдай болып жатқанын болжады.

"Ұлттық қор ұтады немесе ұтылaды деп айтуға болмайды, өйткені біз әрқашан оның тек валюталық бөлігін қараймыз. Ол доллармен көрсетіліп, теңгеге қайта есептелмейді. Қазақстандықтарға қатысты, мен әрқашан инвестициялық кеңес, ұсыныс бере алмайтынымызды, "сақтау - сақтамау" мәселесі бойынша кеңес бермейтінімізді айтамын. Біз айта алатын жалғыз нәрсе, қазақстандық теңге өзінің тұрақтылығын дәлелдеді", - деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша теңге "өте жоғары табыстылық" көрсеткенін айтты. Белгілі бір халықаралық рейтингтерге сілтеме жасай отырып, ол қазақстандық ұлттық валюта қазір "ең тартымды валюталардың бірі" екенін айтты.

"Яғни, Қазақстандағы тәуекел мен табыстылықтың арақатынасы қазіргі уақытта әлемдегі ең жақсылардың бірі. Сондықтан бұл инвестицияларды тартады", - деді Сүлейменов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью