Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов валюта нарығындағы доллар көлемінің артуына қатысты жауап берді. Сондай-ақ реттеуші басшысы мұнай бағасының өсуі бұған қалай әсер еткенін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Доллар көлемі неге өсті?
Тимур Сүлейменов валюта ұсынысының артуы мұнай мен металл бағасының қымбаттауымен де байланысты екенін мәлімдеді. Егер өткен жылдың басында мұнай бағасы барреліне шамамен 60–65 доллар болса, қазір ол 100 доллардан асты.
Бұл мұнай компанияларының экспорттық түсімін арттырды, оның бір бөлігі ішкі нарыққа түседі.
"Доллардың артық мөлшері деген ұғым жоқ. Егер нарықтық экономика жұмыс істеп, валюталық түсімнің келуін қамтамасыз етсе, бұл валюта нарыққа түседі. Бұл жай ғана факт. Яғни, бұл "тұрғын үй нарығында шаршы метрлер тым көп" дегенмен бірдей. Егер оны біреу сатып алып жатса, демек ол біреуге керек деген сөз. Бұл – нарық", – деді Ұлттық банк басшысы.
Сүлейменов мыс пен басқа да металдардың бағасы да 11–14 пайызға өскенін айтып өтті.
Оның айтуынша, нарықта доллардың артық мөлшері емес, оның қосымша көлемі туралы айтқан дұрысырақ.
"Жалпы, біздің экспортымыз 27 пайызға ұлғайды, демек, экспорттық валюта түсімі де айтарлықтай өсті. Соған сәйкес, нарыққа доллар көбірек түсіп жатыр. Егер нарықта тауар көп болса, оның бір бірлігінің бағасы төмендейді. Қазір болып жатқан жағдай дәл осы", – деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ шетелден алынатын валюталық несиелер де өз әсерін тигізіп жатыр. Банктер, жеке компаниялар және квазимемлекеттік сектор доллармен несие алып, жобаларды теңгемен қаржыландырады. Валютаны айырбастау үшін нарықта сату арқылы олар доллар ұсынысын арттырып, оның бағамын төмендетеді.
Бұған дейін біз тарихи тұрғыда әлемдік Brent эталонынан арзан сатылып келген қазақстандық мұнайдың қазір одан айтарлықтай қымбат тұратыны туралы жазған болатынбыз. Мұндай күтпеген өзгерістің артында Таяу Шығыстағы дағдарыс, жеткізудегі іркілістер мен тасымалдау құнының қымбаттауы тұр. Бірақ жоғары баға Қазақстан әр баррельден әлдеқайда көп пайда тауып жатыр дегенді білдіре ме? Толығырақ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу