Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Белгілі болғандай, мерекелік флешмоб алдында алаңға жүздеген қатысушының тұратын орындары арнайы белгіленген. Қатысушылар қажетті тәртіппен орналасқан кезде, жоғарыдан қарағанда әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың портреті көрінген.
Алайда мерекеден кейін уақытша салынған таңбалар күткендей оңай өшпеген.
Коммуналдық қызмет мамандарының айтуынша, таңбаларды түрлі тәсілмен тазартуға тырысқанымен, әзірге нәтиже болмаған.
Қазір мәселені шешудің екі жолы қарастырылып отыр: Брусчатканың бір бөлігін ауыстыру немесе уақыт өте келе адамдардың жүрісінен және табиғи әсерден өздігінен өшуін күту.