Домбыраға құштар жапон жігіті

14.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Кей адамның тағдырын бір ғана кездесу өзгертетін сәттер де болады. Бүгінгі кейіпкеріміз Акира Такегучидің де басынан өткен оқиғасы, әне, сондай бір қайталанбас шақтың белгісіндей. Ол алғаш домбыраны көрген сәтін әңгімелеуден жалыққан емес.

Оның ұлтымыздың өнеріне деген қызығушылығы Түркия жерінде баста­лыпты. Студент кезінде Осман им­периясының тарихына қызыққанын айтады. Сол себептен де Акира 2015 жылы Түркияның Ыстанбұл қаласына ат басын бұрады. Осы сапарында домбырамен танысады. Ғасырлар бойы бір халықтың үнін, аңсары мен арманын әлемге жеткізген қоңыр домбыраның үні жүрегіне өшпес әсер сыйлайды. «Бірде Анкарада жапон тілін жақсы білетін бір жігіттің үйінде қонақта болдым. Дастарқан басында үй иесі менің құрметіме арнап күй шертіп берді. Сол сәтте домбыраның ғажап үні менің құлағымда тұнып тұрды. Бұған дейін түрлі музыкалық аспаптарда ойнап көрген едім, алайда дом­быраның үні жүрегіме бұрын-соңды болмаған сыр қалдырды», дейді ағынан жарылып.

Содан бастап Күншығыс елінің тумасы Акира домбыра үйренуге бел буады. Ізденген адамға бәрі мүмкін екен ғой. Көп өтпей ол байқауларда домбырашы ретінде өнер көрсете бастайды. 2017–2021 жылдар аралығында Ыстанбұлда концерттік сахналарға домбырамен шығады. Сонымен қатар фильмдер мен телесериалдарға да түсті. Оның күй орындау мәнері мен домбыраны түркілік кеңістікпен бай­ланыстыруы тыңдарман назарын бірден аударды. 2021 жылы елімізде өткен этностық аспаптар орындаушыларының III Халықаралық «Жас толқын» бай­қауында ол домбыра аталымы бойын­ша Гран-при иегері атанды. Бұл жеңіс оның өнер жолындағы ма­ңызды белеске айналды. Кейін оның орындауындағы күйлер әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, түрлі телебағдарламаға қатысуына жол ашты. Танымал күйші Секен Тұрыс­бековпен бірге «Ақжауын» күйін орындап, өз қабілетін кәсіби күйшіге бағалатты. Сондай-ақ әйгілі ноғай әншісі Арсланбек Сұлтанбековпен бір сахнада өнер көрсетіп, түркі халықтарының рухани бірлігін музыка арқылы әйгіледі.

Соңғы жаңалықтар

«Соңғы көштің» шынайы кейіпкері

Тағзым • Бүгін, 08:48

Қазақ кітаптары – Үндістанда

Руханият • Бүгін, 08:45

Оралхан арманы орындалып келеді

Руханият • Бүгін, 08:43

Жеке мектеп мемлекет меншігіне берілді

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Желіде жарысқан мұғалімдер

Білім • Бүгін, 08:37

Жәрдемақы мөлшері артты

Қоғам • Бүгін, 08:35

Сан бар, сапа қандай?

Білім • Бүгін, 08:33

Қарттарға жан-жақты қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 08:30

Білім ошағы ашылды

Білім • Бүгін, 08:28

Еңбек нарығының ерекше буыны: Өзін-өзі жұмыспен қамту заман талабы ма, әлде амалсыздық па?

Қоғам • Бүгін, 08:25

Дана БӨКЕНОВА: «Bloomberg»-тегі жұмысым кәсіби деңгейімді көтерді

Сұхбат • Бүгін, 08:23

Ұлттық құрылтай – қоғам трансформациясының арқауы

Құрылтай • Бүгін, 08:20

Өркендеудің қозғаушы күші

Жастар • Бүгін, 08:17

Ашық ой, айқын ұстаным

Пікір • Бүгін, 08:15

Музыка тарихындағы іргелі бастама

Өнер • Бүгін, 08:13

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью