Домбыраны ұшақ бортында алып жүруге рұқсат етілді

30.04.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

- Жоба аясында азаматтардың көптеген өтініші негізінде алғаш рет нормативтік деңгейде жолаушылардың музыкалық аспаптарды (оның ішінде домбыра мен қобызды) футлярда әуе кемесінің салонында қол жүгi ретінде тасымалдау құқығы бекітіледі. Бұл ретте олардың өлшемдері 110×35×30 см-ден, ал салмағы 10 келіден аспауы тиіс, - делінген министрліктің ақпаратында.

Аталған түзетулерге сәйкес, егер жолаушы тек бір музыкалық аспапты, яғни домбыраны алып жүрсе, оны тасымалдау қол жүгі ретінде тегін өткізеді. Ал музыкалық аспап қол жүгінің қосымша бөлігі ретінде тасымалданған жағдайда, белгіленген нормадан асатын жүк үшін әуе компанияларының қолданыстағы қағидаларына сәйкес ақы алынады.

- Бұл түзетулерді қабылдау жолаушылардың құқығын қорғау деңгейін арттыруға және әуе көлігінде музыкалық аспаптарды тасымалдауды реттеуді жетілдіруге бағытталған. Түзетулерді қабылдаудың болжамды мерзімі – 2026 жылғы мамыр айының соңына дейін, - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Айта кетейік, жақында ведомство өкілдері домбыраны ұшақ бортында алып жүруге рұқсат етілуі мүмкін екенін хабарлаған еді. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью