Домбыраны ұшақпен тасымалдау тәртібі бекітіледі

19.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қазақстанда домбыра және тағы басқа музыкалық аспаптарды ұшақпен тасымалдау тәртібі бекітіледі. Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде домбыраны тасымалдау кезінде даулы жағдайлар болған. Оны әлеуметтік желіде кеңінен талқылады.

"Дәл осы жағдай бойынша азаматтық авиация комитетіне тапсырма берілді. Музыкалық аспаптарды, соның ішінде домбыраны тасымалдауды заңды түрде реттеу керек. Жақын арада біз жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережесіне тиісті өзгеріс енгіземіз деп ойлаймын. Меніңше, бір айдың ішінде шешім қабылданады", - деді Ластаев сенаттағы брифингте.

Оның айтуынша, ережеде музыкалық аспаптың салмағы мен көлеміне қарай нақты тәртіп болады. Әуе компаниясына алдын ала хабарлау міндеті де енгізілуі мүмкін.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью