Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
The Financial Times хабарламасына сілтеме жасаған Aikyn.kz үлкен пікірталас тудырған президенттік ұшақ мәселесін түсіндіреді.
Бұл шешім АҚШ-та бірден қызу саяси және этикалық пікірталас туғызды. Дональд Трамптың айтуынша, қазіргі президенттік ұшақтар ондаған жыл бұрын жасалған және бүгінгі көптеген мемлекет басшылары бұдан әлдеқайда заманауи әуе кемелерін пайдаланады.
«Президенттің бірнеше 10 жыл бұрын шығарылған ұшақпен ұшуы сәл күлкілі көрінеді», – деді ол Эндрюс әскери базасындағы таныстыру рәсімінде.
Жаңа ұшақ қызыл-ақ-көк түстермен безендірілген және арнайы жабдықталған. Трамп оны «бұрын-соңды болмаған деңгейдегі ұшатын Ақ үй» деп сипаттады. Сонымен қатар ұшаққа Starlink байланыс жүйесін орнату жоспарланып отыр.
Бұл шешімнің саяси салмағы да ауыр. Өйткені Boeing компаниясы жасап жатқан жаңа буындағы ресми Air Force One ұшақтарының жеткізілуі бірнеше жылға кешіктірілген. Осы жағдайда Қатардың сыйлығы уақытша шешім ретінде қарастырылуда. Алайда демократтар мен бірқатар сарапшылар бұл қадамды мүдделер қақтығысының айқын көрінісі деп бағалады. Себебі Қатар мемлекеті Трамп президенттік қызметке қайта оралғаннан кейін оның отбасы бизнесімен бірқатар коммерциялық келісімдер жасаған.
Сыншылардың пікірінше, шетелдік мемлекеттен осындай көлемдегі сыйлық қабылдау АҚШ президентінің тәуелсіздігіне күмән тудырады. Оның үстіне, Трамп бұған дейін қызмет мерзімі аяқталған соң бұл ұшақ өзінің президенттік кітапханасының негізгі экспонатына айналатынын мәлімдеген еді.
Дегенмен Трамп бұл айыптауларды жоққа шығарды. Оның айтуынша, америкалық салық төлеушілер жүздеген миллион доллар жұмсаудың орнына дайын ұшақты тегін алған тиімді шешім.
«Неге біздің әскери бюджетіміз және америкалық салық төлеушілер жүздеген миллион доллар төлеуі керек? Егер біздің жұмысымызға риза болған басқа ел осындай ұшақты тегін берсе, оны пайдалану ақылға қонымды емес пе?», – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай АҚШ-тағы билік пен бизнес арасындағы шекара, мемлекеттік қызметкерлердің этикасы және шетелдік ықпал мәселелері жөніндегі пікірталастарды одан әрі өршіте түсті.
Бұл оқиға қазіргі халықаралық саясаттағы жаңа тенденцияны ашып берді. Мемлекеттер арасындағы ықпал тек әскери немесе дипломатиялық құралдармен ғана емес, қымбат технологиялық және инфрақұрылымдық сыйлықтар арқылы да жүзеге асырылуда.