Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Reuters-ке сүйенген Aikyn.kz Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінде (Board of Peace) Дональд Трамптың БҰҰ туралы айтқан жақсы пікірін хабарлайды.
Бүгін 19 ақпанда Вашингтондағы АҚШ Бейбітшілік институтында өткен Бейбітшілік кеңесінің (Board of Peace) алғашқы отырысына Дональд Трамп төрағалық етіп, сөз сөйледі. Reuters мәліметінше, жиынға 45-тен аса елдің өкілдері қатысуы күтілген.
АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің сөзінде Америка Құрама Штаттары Біріккен Ұлттар Ұйымын нығайту және оны өміршең ету үшін қаржылай қолдау көрсететінін мәлімдеді.
«Біз Біріккен Ұлттар Ұйымын күшейтеміз. Оның инфрақұрылымы жақсы болуын қамтамасыз етеміз. Оларға көмек керек. Біз оларға қаржылай көмектесеміз және БҰҰ-ның өміршең болуын қамтамасыз етеміз», – деді Трамп.
Оның айтуынша, «БҰҰ-ның әлеуеті зор, шынымен де өте зор әлеуеті бар. Бірақ ол (сол әлеуетіне) сай бола алған жоқ».
АҚШ – БҰҰ бюджетіне ең көп қаржы құятын ел. Алайда Трамп әкімшілігі кезеңінде АҚШ БҰҰ-ның негізгі және бітімгершілік бюджеттеріне міндетті төлемдерді жасаудан бас тартқан Сонымен бірге, өз бюджеті бар БҰҰ агенттіктеріне берілетін ерікті қаржыландыруды да қысқартқан.