Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Кеше Вашингтонда тілшілерге арналған кеште атыс болып, АҚШ президенті Дональд Трамп жедел түрде қауіпсіз жерге жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесуге қатысқан вице-президент Джей Ди Вэнс пен Трамп әкімшілігінің мүшелері де залдан асығыс шыққан. CNN мәліметінше, Трамп қазір қауіпсіз жерде. Әкімшілік өкілінің айтуынша, министрлер кабинетінің мүшелері де аман-есен.
Атыс болған сәтте АҚШ Құпия қызметінің агенттері бірден оқыс жағдай туралы дауыстап хабарлаған. Іс-шара Вашингтондағы Hilton қонақүйінде өткен.
Қазір атыс шығарған адам ұсталды. Журналистер оның жағдайы туралы нақты мәлімет әзірге жоқ екенін хабарлады. Алдын ала деректер бойынша, ол − Калифорния штатының Торранс қаласынан келген 31 жастағы Коул Томас Аллен.
CNN дерегінше, атыс салдарынан Құпия қызметтің бір агенті жараланған. Оқ оның қорғаныс киіміне тиген, ол жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Жоғары лауазымды әкімшілік өкілінің айтуынша, Трамп қауіпсіз жерде және ол шенеуніктерге кешкі асқа қайта оралуды жоспарлап отырғанын айтқан.
Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде атыс жасаған адамның ұсталғанын жазып, Құпия қызмет пен құқық қорғау органдарының «жедел әрі батыл әрекеттерін» жоғары бағалады.
«Алдағы 2-3 аптада Иранға жойқын соққы жасаймыз»: Трамп соғыстың қашан аяқталатынын айтты
Бірнеше минуттан кейін жарияланған келесі жазбасында президент құқық қорғау органдарының өтінішімен оқиға орнынан кеткенін және Ақ үйге қайтып бара жатқанын хабарлады. Сондай-ақ, ол баспасөз конференциясын өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
Соңғы жаңалықтар
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10
Аида Балаева: Креативті экономика тек шабыт пен идеяға ғана сүйеніп дами алмайды
Қоғам • Кеше
Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Оқиға • Кеше
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Кеше
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Кеше
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Кеше
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Кеше
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Кеше
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Кеше
Балалар мен ересектер жиі зардап шегуде: Президент қаңғыбас иттер мәселесіне қатысты пікір білдірді
Қоғам • Кеше