Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Атырау облысының Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде тәртіп сақшыларына арналған жаңа ғимарат пайдалануға берілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа нысан қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталып, полиция қызметкерлерінің тиімді жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Мұнда бейнебақылау жүйелері мен уақытша ұстау камералары орнатылған.
Салтанатты ашылу рәсіміне облыстық полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев, аудан әкімі Азамат Мәмбетов және жеке құрам қатысты. Қазіргі таңда бөлімшеде 18 қызметкер еңбек етіп, елді мекеннің тыныштығын күзетуде.
Жаңа ғимарат құқық қорғау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтып қана қоймай, халықпен байланысты күшейтуге де ықпал етеді.
Іс-шара соңында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бөлімше аумағына тал көшеттері отырғызылды. Бұл бастама елді мекеннің көркеюіне және табиғатты қорғауға үлес қосады.
Бүгін, 13:56