Доссордағы жол апатында екі бала қаза тапты

30.03.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

26 наурыз күні Доссор кентінде Toyota Estima мен Opel көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. 

Оқиға орнында 2023 жылы туған қыз бала көз жұмды. 2021 жылғы ұл бала облыстық ауруханаға жеткізілгенімен, 30 наурызда қайтыс болды. Баланың жерленгені туралы ақпарат бар.

Балалардың анасы қазір ауруханада жатыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бойынша кешенді тергеу шаралары жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бейресми деректерге сәйкес, қарсы бағыттағы көлік рөлінде жасөспірім отырған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 13:34

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью