Дрифт жасап, отшашу атқан: Түркістанда той кортежін ұйымдастырғандар айыппұл арқалады

29.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: Видеодан алынған кадр

Оқиға Ордабасы ауданының Темірлан ауылында болған. Тексеру барысында полицейлер Mercedes-Benz, BMW, LADA және ВАЗ маркалы бес автокөліктің жүргізушілері бірқатар заңбұзушылыққа жол бергенін анықтаған. Атап айтқанда көлік жүргізушілері көшеде дрифт жасап, отшашу ұйымдастырған.

«Олар жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарып, қос сызықты кесіп өткен, арнайы жарық сигналдарын заңсыз орнатқан және жол қозғалысына қауіп төндіретін қауіпті маневрлер жасаған. Аталған құқықбұзушылықтар бойынша жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал олардың автокөліктері мамандандырылған айыптұрағына қойылды», делінген хабарламада.

Абай облысында кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапқа тартылды

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңызын еске салып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылған болатын. Тексеру барысында мемлекеттік тіркеу нөмірлері талапқа сай орнатылмаған көліктер анықталып, айыптұрағына қойылды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью