Дрондар Алматы полициясына қалай көмектеседі?

20.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алматыда қоғамдық тәртіпті сақтаудың жаңа тетігі іске қосылды. Енді полиция дрондары құқық бұзушылықты тіркеп қана қоймай, нақты уақыт режимінде тұрғындарға дауыстық ескерту жасап, заң талаптарын сақтауға шақырады. Бұл – алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған заманауи қадам, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Алматы қаласы ПД

Алматы қаласы Полиция департаменті құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесіне цифрлық технологияларды кезең-кезеңімен енгізіп келеді. Соның бірі – ұшқышсыз ұшу аппараттарын кеңінен пайдалану.

Алматы колледжінде дрондар орталығы ашылды

Цифрлық бақылау – жедел ескерту

Арнайы жарық дабыл элементтерімен және дауыс зорайтқыш құрылғылармен жабдықталған дрондар қоғамдық кеңістіктерді, жаяу жүргіншілер аймақтарын, аулаларды және адам көп шоғырланатын орындарды патрульдейді. Қоқыс тастау, қоғамдық орында түкіру, ұсақ бұзақылық жасау, жолды белгіленбеген жерден кесіп өту секілді әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған сәтте азаматтарға бірден дауыстық ескерту жасалады.

Дрондар полицейлерге көмекке келді

Басты міндет – алдын алу

Полиция мәліметінше, жаңа тәсілдің түпкі мақсаты – жазалау емес, тәртіп бұзудың алдын алу.

Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаевтың айтуынша, дрондар құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге және азаматтарға тәртіп ережелерін сол мезетте еске салуға мүмкіндік береді.

«Біздің міндетіміз – құқық бұзушылықтарды тіркеу ғана емес, ең алдымен олардың алдын алу. Дауыс зорайтқышпен жабдықталған дрондар қоғамдық тәртіп мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін заманауи профилактикалық құрал», деді ол.

Қамту аясы кеңейеді

Ұшқышсыз аппараттарды пайдалану қолжетімділігі шектеулі аумақтарды да бақылауға мүмкіндік береді. Қосымша нарядтар санын арттырмай-ақ, қоғамдық орындардағы бақылау күшейтіледі. Бұл – ресурсты тиімді пайдаланып, қауіпсіздікті арттырудың бір жолы.

Полиция өкілдері жобаның басты мақсаты – қоғамдық орындарда әкімшілік құқық бұзушылықтар санын азайту, қоршаған ортаға және өзгеге құрметпен қарау мәдениетін орнықтыру екенін атап өтті.

Қала аспанында қалықтаған дрондар енді тек бақылаушы емес, тәртіпке шақыратын үнге айналды.

Көлік апатын азайтатын дрондар

Соңғы жаңалықтар

Үнзила Шапақ: Конституция туралы айтқанда билікті ғана емес, келешек алдындағы жауапкершілікті де ойлайық

Ата заң • Бүгін, 15:48

Түркістан Түркі аймағының жаңа экономикалық шешімдерінің алаңына айналды

Руханият • Бүгін, 15:37

Фарида Жолдасова: Конституцияның мазмұны жаңарып, ел болашағына берік құқықтық негіз қаланып жатыр

Референдум • Бүгін, 15:27

Михаил Шайдоровтың дайындығына бюджеттен қанша қаржы жұмсалды?

Қоғам • Бүгін, 15:20

Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдары қашан пайдалануға беріледі?

Аймақтар • Бүгін, 15:11

Қазақстанда инсульттан болатын өлім көрсеткіші 4%-ға төмендеді

Медицина • Бүгін, 15:04

Қостанайда ұлы мен әйелін өлтірген әкеге үкім шықты

Оқиға • Бүгін, 14:47

Қазақстан балмұздақ экспорты бойынша рекорд жаңартты

Экспорт • Бүгін, 14:42

Петропавлда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы үшінші қабаттан құлап кеткен

Оқиға • Бүгін, 14:33

Бейнекамералар мас жүргізуші мен жол ережесін бұзғандарды анықтады

Оқиға • Бүгін, 14:14

Қызылорда облысында 300 орындық көпбейінді аурухана салынып жатыр

Аймақтар • Бүгін, 13:53

Қызылша жұқтырған балалар көбейген: Дәрігерлер ата-аналарға үндеу жасады

Медицина • Бүгін, 13:33

Тәркіленген Lamborghini Huracán көлігі 5 есе арзан бағаға сатылды

Қоғам • Бүгін, 13:20

Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?

Елорда • Бүгін, 13:01

Қызылша тіркелген мектептерге вакцина алмаған балалар жіберілмейді

Қоғам • Бүгін, 12:50

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью