Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Түркістан облысында анықталған заң бұзушылықтардан кейін ауыл әкімінін жұмыстан босатуға ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Прокурорлар дронның көмегімен жер қойнауын заңсыз пайдалану дерегін анықтады. Атап айтқанда, Сауран ауданы аумағындағы Құрсай өзені бойында құм-қиыршықтас қоспасы заңсыз өндірілген.
"Тәртіптік теріс қылыққа жол берген Шаға ауылдық округінің әкімі қызметінен босатуға ұсынылды, ал аудан әкімінің орынбасары мен полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде заңсыз жасалған меморандумның күші жойылды.