DRV Destination Forum 2026: Германия Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар негізгі туристік нарық

26.08.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жиынды Қазақстанда алғаш рет Kazakh Tourism-нің қолдауымен Германияның ең ірі туристік қауымдастығы Deutscher Reiseverband мен fvw жетекші медиатобы бірлесіп өткізді. Басты мақсат – екі ел арасында мәдени байланысты нығайту, туристер санына арттыру. 

Астанада алғаш рет Германияның туристік индустриясындағы маңызды шаралардың бірі – DRV Destination Forum 2026 өтті. Форумға Германияның жетекші туроператорлары, туристік агенттіктері, салалық қауымдастықтары мен мамандандырылған БАҚ өкілдерін қоса алғанда, 130-ға жуық адам қатысты. Оның 69-ы Германиядан келген делегаттар болды.

Астанада форумды өткізу бастамасы биыл өткен әлемдегі ең ірі ITB Berlin халықаралық туристік көрмесінде қолдау тапты. Қазақстан 2013 жылдан бері көрмеде отандық туроператорлар, қонақ үй бизнесі, ұлттық гастрономия өкілдері мен жергілікті атқарушы органдардың басын қосатын ұлттық стенд арқылы еліміздің туристік әлеуетін таныстырып келеді. Германия – Қазақстан үшін Еуропадағы ең маңызды туристік нарық. Былтыр елімізге Германиядан 36,7 мың турист келген. Жылдан-жылға бұл көрсеткіш артып келеді. Deutscher Reiseverband (DRV) – Германиядағы ұйымдастырылған туристік сапарлардың 90%-ын қамтамасыз ететін 3 000-нан астам компанияның басын біріктіретін ең ірі туристік қауымдастық. DRV – Германияда және шетелде туризмнің даму бағытын айқындайтын халықаралық ұйым.

Форумға арнайы келген DRV президенті Альбин Лойдлдің айтуынша, Қазақстан Батыс пен Шығысты жалғап жатқан Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан тарихы тереңде жатқан мемлекет. Тарихи орындардың көптігі де туристердің қызығушылығын арттырады. 

«Біз Қазақстанға арнайы келуіміздің себебі, тұмса табиғатын, тарихи орындарын аралаумен қатар туризм саласының өкілдерімен етене жақын танысқымыз келді. Әрі Германияның туристік әлеуетін танытуды мақсат тұттық. Біз форум қарсаңында 20-24 тамыз аралығында Германия делегациясы бес топқа бөлініп, Қазақстанның бірнеше өңіріне саяхаттадық. Қонақтар Алматы және Шымкент қаласының, Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарының туристік нысандарын араладық. Бүгінгі форумда Қазақстандағы туристік компаниялармен жақынырақ танысып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтамыз», – деді DRV президенті Альбин Лойдл.  

Іс-шараның ашылу рәсімінде Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев форумның маңыздылығына тоқталды.

«Германия Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар негізгі туристік нарықтардың бірі. Біз туристік ағынның тұрақты өсімін байқап отырмыз және неміс туристік бизнесімен практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз. Біздің мақсатымыз – Қазақстанды жалпы ілгерілетуден нақты туристік өнімдерді бірлесіп әзірлеу мен нарыққа шығаруға, B2B байланыстарды дамытуға және екі ел компаниялары арасында ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға көшу», – деді Мирас Төлебаев.

Былтыр DRV өкілдері Қазақстанға сапармен келіп, елдің туристік әлеуетімен танысқан. Ал биыл наурызда ITB Berlin көрмесі аясында DRV мен Туризм және спорт министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, форумды Астанада өткізу жөнінде келісім жасалды.

Жиында Форумда көрікті жерлердің тарихы, туристер үшін тиімді бағытты саралаған бес өңірден келген өкілдер Қазақстанда саяхаттаудың ерекшелігіне тоқталды. «Алматы туризм бюросы» директорының орынбасары Санжар Қалешов, Kazakh Tourism Туристік өнімдерді дамыту департаментінің директоры Ерлан Шакаримов, Шымкент қаласы Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Бексұлтан Әділханов, Түркістан облысы Туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгерім Сәбитқызы, Маңғыстау облысы Туризм басқармасының туризмді ілгерілету бөлімінің басшысы Саламат Сапарғали, Шығыс Қазақстан облысы Туризм және инвестициялар басқармасы туризмді дамыту бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Ислана Ластаева Қазақстандағы алуан түрлі табиғат, таулы өңірлердің, сонымен қатар Маңғыстау мен Оңтүстік өңірдегі тарихи жерлерде саяхаттау туристер үшін өте маңызды екенін атап өтті. 

«Көне шаһар – Шымкент қаласының тарихи орындарымен қатар, тұмса табиғат аясында саяхаттауға өте қолайлы өңір. Сонымен қатар Шымкент халықаралық әуежайы арқылы әлемнің көптеген еліне тікелей әуе рейсі бар. Мәселен, «Шымкент – Мюнхен» тікелей әуе рейсі туристердің саяхаттауына өте қолайлы. Қазіргі кезде туристер саяхаттау үшін бірінші кезекте тікелей әуе рейсіне билет алғанды құп көреді. Себебі, саяхат кезінде ұшақ билетіне кететін шығынды үнемдеу арқылы өзге де көптеген жерді аралауға мүмкіндік алады. Сондықтан біз Шымкент қаласынан шетелге тікелей ұшатын рейстер санын арттырып жатырмыз. Ерекше тоқталып өтер жайт, Шымкентке келген туристер Түркістан, оның іргесіндегі Ташкент қаласына да ыңғайлы рейспен саяхаттауына мүмкіндік қарастырылған. Демек, Шымкент қаласына келген туристің Орта Азияны аралап шығуына мүмкіндігі көп.  бес жұлдызды қонақүй, тау туризмі үшін барлық жағдай жасалған», – деді Шымкент қаласы Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Бексұлтан Әділханов. 

Бүгінде Германиядан Қазақстанға жыл сайын шамамен 100 мың турист келеді. Олардың үштен бірі біп аптаға жуық саяхаттайды. 

«Қазақстандағы орман алқабының 40 пайызы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Шығыстың тау, өзен-көлдерінің тұмса табиғатын тамашалауға келген туристердің қарасы көп. Тіпті, екінші рет қайталап келетін саяхатшылардың қатары артып келеді. Шетелдіктер Алтай, Тарбағатай, Қатонқарағай, Марқакөлге сапарынан алған әсерін ерекше есте қаларлықтай деп тамсанады. Өңірде туристерге қолайлы жағдай жасау үшін жаңа әуежай салынып, жолдар жаңартылып жатыр. Шығысқа келген саяхатшылар үшін қажетті барлық жағдай жасалып жатыр. Жаз маусымында табиғат аясында мәдени іс-шаралар да жиі өткізіледі», – деді Шығыс Қазақстан облысы Туризм және инвестициялар басқармасы туризмді дамыту бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Ислана Ластаева.

Форумның Астанада алғаш рет өткізілуі Қазақстанның туристік әлеуетін Германия нарығында кеңінен танытуға және екі елдің туристік бизнесі арасындағы тікелей серіктестікті дамытуға мүмкіндік береді.

«Киелі Маңғыстау өңірінің жазық даласы жартасты үңгір, тау сілемдерімен ерекшеленеді. Батысқа саяхаттап келген туристер жер жағдайының ерекшелігіне қарап, өзге әлемге тап болғандай күй кешеді. Бозжыра, Шерқала, Ыбықты сай, Торыш жазығы, Қарақия ойысы, Каспий теңізі ойпатының табиғаты туристердің ерекше қызығушылығын тудырады. Сондықтан еуропалық туристерді Маңғыстау өңіріне шақырамыз», – деді Маңғыстау облысы Туризм басқармасының туризмді ілгерілету бөлімінің басшысы Саламат Сапарғали.

Бүгінде Германиядан Қазақстанға жыл сайын шамамен 100 мың турист келеді. Олардың үштен бірі біп аптаға жуық саяхаттайды. Форумның Астанада алғаш рет өткізілуі Қазақстанның туристік әлеуетін Германия нарығында кеңінен танытуға және екі елдің туристік бизнесі арасындағы тікелей серіктестікті дамытуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью