Дубай тұруға ықтиярхат алу үшін жылжымайтын мүлікке инвестиция салудың ең төменгі шегін алып тастады

04.05.2026

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Дубайда БАӘ-де тұруға ықтиярат алу үшін жылжымайтын мүлікке салынатын инвестицияның ең төменгі шегі алып тасталды. Тиісті ақпарат Дубай Жер департаменті - DLD Cube платформасы сайтында жарияланды, - деп хабарлайды TengriHome тілшісі РБК мәліметіне сілтеме жасап.

Поделиться

Жаңа ережелерге сәйкес, егер адам Дубайдағы жылжымайтын мүліктің жалғыз иесі болса, ол екі жылға ықтиярат алуға өтінім беруге құқылы. Егер жылжымайтын мүлік нысанының бірнеше иесі болса, үлестің ең төменгі мөлшері 400 мың дирхам (109 мың доллар) болуы тиіс.

Осыған дейін Дубайда тұруға ықтиярат алу үшін сатып алынатын тұрғын үйге салынатын инвестицияның ең төменгі шегі 750 мың дирхам (204 мың доллар) болатын.

Бұған дейін Bloomberg жазған мәлімет бойынша, 2025 жылдың екінші тоқсанында Дубайда элиталық жылжымайтын мүлік нарығында жалпы сомасы 2,6 миллиард долларға 143 мәміле жасалған. Бұл – 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52 пайызға жоғары рекорд көрсеткіш. 22 үйдің құны 25 миллион доллардан асқан.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

дубай тұрғын үй Баға

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью