Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Дубайда әлемдегі ең қымбат кофені ұсынатын дәмхана ашылды. Бұл туралы DAWN журналы жазды.
Гастротуристердің айтуынша Дубай шоколады өткеннің еншісінде қалды. Енді 3600 дирхам немесе 980 доллар тұратын кофе трендке айналды.
Сусын аукционда рекордтық бағаға сатылған сирек кездесетін панамалық кофе бұршақтарынан жасалған. Julith дәмханасы кофе құмарлар үшін жаңа орталыққа айналған өнеркәсіптік ауданда орналасқан.
Мекеменің әлеуметтік желідегі деректеріне сүйенсек, Бару жанартауының етегінде өсірілген сирек Nido 7 Geisha сұрпының 20 келісі оларға 2,2 миллион дирхамға (шамамен 600 мың АҚШ долларына) түскен.
"Бұл кофе тарихындағы рекордтық баға", - деп атап өтті кофені бағалаушылар.
Жергілікті тұрғындардың пікірінше, шөлейтте орналасқан бай қала үшін бұл аса қымбат баға емес.