Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Дубай төрінде қазақ боксшысының жеңісі бағаланбады.
80 келідегі отандасымыз Ерасыл Жақпеков әлем чемпионатының 1/8 финалында ресейлік спортшымен жұдырықтасып, айқын басымдықпен ұтқан еді. Тіпті қарсыласын ауыр соққыларымен есеңгіретіп, нокдаунға да жіберді. Алайда ешкім күтпеген жерден төрешілер ресейлік спортшының қолын көтеріп, жеңісті тартып алды. Осылайша Ерасыл Жақпеков екінші айналымда жеңіліп, ширек финалдан сырт қалып отыр. Артынша 90 келіде Нурмагамед Юсупов та жарыс жолын аяқтады. Айта кетейік, кеше шаршы алаңға көтерілген 7 боксшымыздың 5-уі келесі кезеңге өтті. Енді бүгін ширек финалдық жолдамалар үшін тағы 6 боксшымыз жекпе-жекке шығады.