Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Иранның мемлекеттік телеарнасы Дубайдағы зәулім ғимаратқа ұшқышсыз ұшақпен жасалған шабуылдың салдарын көрсететін бейнежазбаны жариялады.
Куәгерлер түсірген кадрларда БАӘ астанасындағы зәулім ғимараттардың бірінде өрт шығып, түтін көтеріліп жатқаны көрсетілген.
Иранның мемлекеттік телеарнасы бұл ғимарат Израиль мен АҚШ күштері үшін баспана болған деп мәлімдейді.
Айта кетейік, Ирандағы 6668 азаматтық нысан АҚШ пен Израильдің шабуылына ұшырады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді. Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды.
Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірді.