Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Жамбыл облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы Балнұр Қиялбекова UAE SWAT Challenge 2026 халықаралық турнирінен кейін алған жарақаттарын көрсетіп, әлеуметтік желіде видео жариялады.
Дубайда өткен беделді жарыста бірінші орын алған «Томирис» әйелдер құрамасының мүшесі болған спортшының аяқтары қатты ісіп, көгергені, алақандары ойылып, денесінің бірнеше жері жараланғаны байқалады. Ол бұл кадрлар арқылы жеңістің оңай келмейтінін көрсетті.
Балнұр Қиялбекова жариялаған жазбасында жарысқа дайындықтағы күндіз-түні төгілген еңбек, төзім мен сенімнің нәтижесі ақталғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жеңіс — жеке жетістік емес, бүкіл команда мен ел мерейі.
Айта кетейік, «Томирис» әйелдер командасы халықаралық турнирде жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте 18-орынға тұрақтады және бірнеше ерлер арнайы бөлімшелерін артта қалдырды. Биылғы жарысқа 48 елден 109 команда қатысқан.
Арнайы жасақтар арасындағы бұл халықаралық дода жетінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді және әлемдегі ең күрделі тактикалық жарыстардың бірі саналады.
Публикация от Балнур Киялбекова (@balnur3007)
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бүгін, 11:44