Дубайдан 306 отандасымыз елге жетті

03.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың мәліметінше, аталған рейстермен 28 ақпанда және 1-2 наурызда ұшаққа билеті болғанымен елге ұшып келе алмаған отандастарымыз жеткізілген. 

— Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін жауып, өзге әуе компанияларымен шығармайды. Ал өзінің компаниясына жолаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан кешегі рейстер орындалды, — деді министр орынбасары Үкімет отырысынан кейін.

Ал көлік вице-министрі Талғат Ластаев аталған рейстермен 306 отандасымыздың елге оралғанын, қажеттілік туындағанда Air Astana мен Scat компанияларының 6 әуе кемесі аталған елден отандастырымызды алып келуге дайын екенін айтты.

— Қажетті резерв — 6 әуе кемесіне дейін бөлуге және әуе кеңістігінің ашылуына қарай жолаушылардың бәрін шығаруға дайынбыз. Бұл Оман, Жидда, Мединадағы жолаушылардың деректеріне байланысты. Жолаушылардың келуіне орай әуе кемелерінің санын реттейміз, — деді Талғат Ластаев.

Бұған дейін Қазақстан азаматтары Иран аумағынан жер жолдар арқылы шығарылатынын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью