Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Бұл туралы Дубай үкіметінің БАҚ кеңсесі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
-Жолаушылардың, әуежай қызметкерлерінің және әуе компаниялары экипаждарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Дубай халықаралық әуежайының (DXB) жұмысы уақытша тоқтатылды. Барлық процедуралар белгіленген қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес жүргізіледі, - делінген мәлімдемеде.
Anadolu агенттігі Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып, елдің әуе қорғаныс жүйелері Ираннан келетін баллистикалық зымырандар мен дрон қауіптеріне қарсы тұрып жатқанын хабарлады.
Министрліктің мәлімдемесінде БАӘ әуе қорғаныс жүйелері баллистикалық зымырандарды жойып, әскери ұшақтар дрондар мен қанатты зымырандарды бейтараптандырғаны айтылған.
Сондай-ақ, елдің әртүрлі бөліктерінде естілген жарылыс дыбыстары әуе қорғаныс жүйелерінің баллистикалық зымырандарды, сондай-ақ әскери ұшақтардың дрондар мен зымырандарды жоюымен байланысты екені ескертілді.
Айта кетейік, бір апта бұрын Дубай әуежайына шабуыл жасалған болатын.