Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Бүгін Дубайға бет алған Air Astana ұшағы кері қайтты. Әуе компаниясы рейстер кестесіне өзгерістер енгізді.
Бүгін Астанадан сағат 07:10-да ұшып шыққан KC205 Астана – Дубай рейсі әуеде кері бұрылып, ұшып шыққан әуежайға қайтты.
12 шілде күні сағат 08:50-де ұшуы жоспарланған KC897 Алматы – Дубай рейсі тоқтатылды.
«Жолаушыларға билеттер сатып алынған жер бойынша олардың толық құны қайтарылады. Рейстер кестесіндегі кейінгі өзгерістер туралы қосымша хабарланады», – деді әуе компаниясының ресми өкілі.
Жолаушылардың амандығы үшін барлық қауіпсіздік сақталады.
Бұған дейін Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі енді Дубайда да жарамды болатынын жазған болатынбыз.