Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
«МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі бұл туралы Instagram парақшасында жазды. Айтуынша, жансақтау бөліміне түсіп, дәрігерлердің көмегінен кейін ес жиған.
«Бүгін Шымкентке ән кешіне баруым керек еді. Жүрек қан тамырларының бітеліп, дәрігерлердің көмегімен жансақтау бөлімінен палатаға ауыстым. Досым басқарған ұжымға мың алғыс! Дұғада болайықшы», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншіге тезірек сауығып кетуін тілеп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.