Дүлей дауылдан 477 мың бала мектепке бара алмай жүр

18.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Куба, Гаити және Ямайкада жарты миллионға жуық бала мектепке бара алмай жүр.

Таяуда бұл аймақта «Мелисса» дауылы ойран салды. Мұның салдарынан бүлінген ғимарат көп. Соның ішінде білім ошақтары да қирады. Дүлей дауылдан бері 3 апта өтсе де, балалар  әлі сабақ оқи алмай жүр. Өйткені күрделі жөндеу жұмыстары қажет. БҰҰ мұндай үзіліс оқушылардың біліміне әсер етеді деп алаңдаулы. Мәселені шешу үшін аймаққа құрылыс материалдарын жөнелтті. Сондай-ақ оқу құралдары мен шатырлар жіберген. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью