Дума сайлауы: хаттамалардың 75% ы өңделгеннен кейінгі алдын ала қорытынды жарияланды

21.09.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Ресейде Мемлекеттік Дума депутаттарын және бірқатар өңірдің басшыларын сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды.

Дума сайлауында хаттамалардың 75,31%-ы өңделгеннен кейін көш бастап тұрғандар:

"Біртұтас Ресей" — 57,48% дауыс;

Коммунистік партия (КПРФ) — 14,03% дауыс;

ЛДПР — 8,75% дауыс;

"Жаңа адамдар" — 8,01% дауыс;

"Әділетті Ресей" — 5,01% дауыс.

Мемлекеттік дума сайлауындағы ең белсенді шетелдік сайлау учаскелері қатарында Қазақстандағы учаскелер де бар. Бұл туралы Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова айтты.

"Ең белсенді сайлау учаскелерінің арасында Ереван, Белград, Кипр, Кишинев, Пхеньян, Пхукет және Қазақстан бар", — деді ол "Вести" эфирінде.

Дауыс берудің соңғы күні, 20 қыркүйекте, Қазақстанның бес қаласында сегіз шетелдік учаске жұмыс істеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью