Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Бас директоры Тедрос Аданом Гебреиесус Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жүйесінің учаскелік қызметінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру туралы шешімін қолдады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
"ДДҰ басшысы өзінің желідегі парақшасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі 77 мың медицина қызметкерінің жалақысын арттыруға деген ұстанымын, сондай-ақ халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын мемлекеттік саясаттың басты назарында ұстауға бағытталған бастамасын жоғары бағалайтынын жазды", - делінген хабарламада.
Доктор Гебреиесустың айтуынша, медициналық-санитариялық алғашқы көмекке инвестиция салу және медицина қызметкерлерін қолдау арқылы Қазақстан саяси ерік-жігер мен көшбасшылықтың медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға қалай ықпал ете алатынын көрсетіп отыр.
"Учаскелік қызмет мамандарының жалақысын арттыру – бұл тек материалдық қолдау шарасы ғана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесіндегі алғашқы буын қызметкерлерінің маңызды рөлін мойындау", - дейді ол.
Себебі науқастар ең алдымен осы мамандарға жүгінеді, денсаулық жағдайын тұрақты бақылап, ауруларды ерте кезеңде анықтауға көмектеседі және халық денсаулығын сақтауға елеулі үлес қосады.