Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Бұл күн халықаралық ұйымдардың ресми тізіміне енгізілмегенімен, пингвиндерді зерттеумен немесе қорғаумен айналысатын қауымдастық арасында кеңінен аталып өтеді.
Бұл күн алғаш рет 1970-жылдардың басында Мак-Мердо антарктикалық станциясы базасында жұмыс істеген америкалық зерттеушілер бастамасымен белгіленген. Дәл осы кезеңде аймақта тіршілік ететін Адели пингвині жыл сайынғы көшуін бастап, мұз үстімен мұхитқа қарай бет алады.
Мамандардың айтуынша, бұл күн мерекеден гөрі қоғам назарын пингвиндердің жағдайына аударуға арналған. Адамдардың шаруашылық жұмыстары, мұхиттардың ластануы және климаттың өзгеруі салдарынан олардың саны азайып келеді.
Қазіргі таңда ғалымдар пингвиндердің 18 түрін анықтаған. Соның ішінде үшеуі жойылып кету алдында тұрса, тағы жетеуі құрып кету қаупі жоғары санатқа енгізілген.
Осыған дейін ұлыбританиялық ғалымдардың император пингвиндерінің жойылып кету қаупі бар барына алаңдаулы екені туралы жаздық.