Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Қауымдастығы жаңа цифрлық платформаны іске қосты

22.07.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Платформада пайдаланушылар жасанды интеллектпен әртүрлі деңгейде ойнап, дайындалып, шеберліктерін шыңдай алады. Әр партиядан кейін ЖИ ойынға толық талдау жасап, жіберілген қателерді, тиімді жүрістерді және балама шешімдерді көрсетеді. Сондай-ақ кез-келген дебюттік немесе тактикалық позицияны талдап, ең тиімді жүрістер жөніндегі ұсыныстар алуға мүмкіндік береді.

Тоғызқұмалақ – ойын ғана емес, ұлттың рухани қазынасы – Мақсат Шотаев

«Жеке кабинет арқылы жаттықтырушымен бірлесіп жұмыс істеуге, тапсырмаларды орындауға және партияларды талдауға болады. Оған қоса әлемнің кез келген нүктесіндегі қарсыласпен онлайн ойнап, бейнебайланыс арқылы партия өткізуге мүмкіндік қарастырылған.

Платформа онлайн турнирлерді ұйымдастырудың толыққанды жүйесімен жабдықталған. Ұйымдастырушылар қатысушылардың тіркелуін, ойындардың өту барысын және нәтижелердің жаңартылуын нақты уақыт режимінде бақылап, жарысты тиімді басқара алады. Бұл халықаралық деңгейдегі турнирлерді ашық, әділ әрі жоғары сапада өткізуге жағдай жасайды», делінген хабарламада.

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен Ардагерлер Кеңесі ұлттық ойынды дамытуға бірге кірісті

Жанкүйерлер үздік ойыншылардың партиялары мен батлдарын тікелей эфирде немесе жазба арқылы тамашалап, олардың ойын мәнерін зерделей алады. Сонымен бірге платформадағы онлайн кітап дүкенінен тоғызқұмалаққа арналған оқулықтарды, әдістемелік құралдар мен ғылыми еңбектерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Бүгінде тоғызқұмалақ әлемнің 60-қа жуық елінде ойналады. 9Qum платформасының іске қосылуы халықаралық тоғызқұмалақ қауымдастығын ортақ цифрлық кеңістікке біріктіріп, ұлттық зияткерлік ойынның әлемдік деңгейде кеңінен таралуына және оның танымалдығының артуына тың серпін береді.

Семейде «Абайдың зияткерлік ізімен» тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды

«Платформа іске қосылған алғашқы үш күннің ішінде оған 1 400-ге жуық спортшы тіркеліп, 9 мыңға жуық партия ойналды. Осы уақытқа дейін мұнда екі онлайн турнир ұйымдастырылып, оған 300-ге жуық спортшы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Алдағы уақытта платформада республикалық және халықаралық деңгейдегі тұрақты турнирлер өткізу, рейтингтік жүйені жетілдіру, оқу-жаттығу мүмкіндіктерін кеңейту және жасанды интеллектінің талдау сапасын арттыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ тоғызқұмалақты әлемнің түкпір-түкпірінде кеңінен насихаттауға басымдық беріледі», делінген хабарламада.

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығы жанкүйерлерді, спортшыларды, жаттықтырушыларды https://9qum.com платформасына тіркеліп, оның барлық мүмкіндіктерін пайдалануға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін Мұхтар Әуезовтің 1950 жылы тоғызқұмалақ ойнап отырған суреті табылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью