Джакартадағы әлем чемпионаты: спорттық гимнастикадан ел намысын кімдер қорғайтын белгілі болды

12.10.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

19 қазанда жалауы желбірейтін халықаралық жарыста Қазақстан намысын Ілияс Әзізов, Зейнолла Ыдырысов, Милад Карими, Нариман Құрбанов, Дмитрий Патанин және Диас Тойшыбек қорғайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазіргі таңда ұлттық құрама спортшылары Токиода оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Олар әлемдік деңгейдегі жапон гимнастарымен бірге тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдауда.

– Біздің спортшылар Олимпиада чемпиондары Дайки Хашимото мен Ока Шинасукэ сияқты жапон шеберлерімен бірге жаттығып жүр. Бұл — жарыс алдындағы аса маңызды дайындық кезеңі, – деді ұлттық құраманың бас бапкері Александр Ким.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью