Джей Ди Вэнс: АҚШ Ирандағы мақсатына жетті

14.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

— Біз өз мақсатымызға қол жеткіздік деп ойлаймын. Біз мұны аяқтауға кірісеміз, — деді ол.

Сонымен қатар Вэнс қақтығысты «табысты келіссөздер арқылы» аяқтауды жөн көретінін атап өтті.

Ол сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасына тоқталып, бұл АҚШ-ты алаңдататынын атап өтті.

— Сондықтан біз бұл материалды (байытылған уранды — ред.) толықтай елден шығарып, оның АҚШ бақылауында болғанын қалаймыз… Ирандықтардың ядролық қаруға ие болмаймыз деуі — бір мәселе. Ал оның жүзеге аспауын қамтамасыз ететін механизм құру — басқа мәселе. Әрине, соның бір бөлігі — олардың уранды байыту мүмкіндігінің болмауын қамтамасыз ету, — деді Вэнс.

Еске сала кетейік, 11–12 сәуір күндері Исламабадта Иран мен АҚШ арасында келіссөздер өтті. Көп сағатқа созылған талқылаулар келісімге қол жеткізбей аяқталды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью