Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Италияда олимпиадалық эстафета жалғасып жатыр.
Грекияда жағылған алау Джеки Чанға табысталып, әлемге әйгілі актёр оны Помпей қаласының тарихи орындары арқылы алып жүрді. Бұл Джеки Чанның олимпиадалық эстафетаға үшінші рет қатысуы. Бұған дейін ол 2008 және 2022 жылдары Бейжің Олимпиада ойындарында алау ұстаған еді. Италиядағы салтанатты іс-шара бағыты шамамен 12 мың шақырымды қамтиды. Соңғы нүкте Миландағы «Сан-Сиро» стадионы болмақ. Онда 6 ақпан күні Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуы өтеді.