Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Әлемге әйгілі актер Джеки Чан Ақтаудағы бейресми кештердің бірінде танымал ресейлік рэпер Miyagi (Азамат Құдзаев) және комик Нұрлан Сабуровпен бірге байқалды. Музыкант кештен түсірілген кадрларды өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Tengri Life.
Жарияланған видеоға қарағанда, Джеки Чан Miyagi-дің шығармашылығымен жақсы таныс және оның әндеріне қосылып, сүйсіне шырқайды. Актер орындаушыны құшақтап, онымен бірге суретке түскен.
Желі қолданушылары Голливуд жұлдызы мен рэп орындаушының күтпеген кездесуін қызу талқылап жатыр.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Бұдан бөлек, әртіс әлеуметтік желіде өзінің шығармашылығына тәнті жанкүйерлерімен түскен бірлескен суреттерін де жиі бөліседі.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Қазіргі уақытта Қазақстанда Джеки Чанның қатысуымен "Құдай сауыты: Ультиматум" фильмінің түсірілімі жүріп жатыр. Ақтау қаласы негізгі түсірілім алаңдарының біріне айналды. Сонымен қатар Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалы да фильмнің басты локацияларының бірі болады. Бұған дейін картинаның түсірілімі 18 шілдеде ресми түрде басталғаны хабарланған болатын.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу