Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Джеки Чанмен бірге "Құдай сауыты: Ультиматум" (Armor of God: Ultimatum) халықаралық фильміне түсетін қазақстандық актер әрі сценарист Рүстем Омаров судағы қайғылы оқиғалар статистикасымен танысқаннан кейін Ақтау тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Маңғыстауда жаз басталғалы бері Каспий теңізінде 15 адамның қаза тапқаны туралы құтқарушылардан естіген актер бұл дерекке қатты таңғалғанын жеткізді.
"Шын мәнінде, бұл өте қорқынышты жағдай. Теңіз қателікті кешірмейді екен. Балаларыңызға мұқият болып, жауапкершілік танытуларыңызды өтініп сұраймын. Тіпті ішімдік ішкен болсаңыз, теңіздің тереңіне жүзбеңіздер. Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Осы бір тамаша қалаға бәрі жақсы болуы үшін, тек демалып, рақаттану үшін келейік", - деді Рүстем Омаров.
Актер өңір тұрғындары мен туристерді судағы қауіпсіздік ережелерін ескерусіз қалдырмауға, балаларды бақылауда ұстауға және ойланбастан жасалған іс-әрекеттер үшін өз өмірлерін қатерге тікпеуге шақырды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу