Джитсер Нұржан Батырбеков жағажай Азиадасының алтын жүлдесі үшін күреседі

24.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

ҚР ҰОК мәліметінше, соңғы жарыс күнінде үш отандасымыз финалдық кезеңге өтті.

Нұржан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Сингапур өкілі Ноа Тянь Рун Лимді жеңді. Осылайша қазақстандық джитсер ақтық сында оңтүстіккореялық Ли Джэёнмен өзара мықтыны анықтайды.

Дәл осы салмақта Әлинұр Қуатұлы жұбаныш белдесуінде қырғызстандық Арген Абдыманаповты жеңді. Енді жерлесіміз қола жүлде үшін өтетін айқаста сингапурлық Ноа Тянь Рун Лиммен күш сынасады.

Болатбек Сейілхан 77 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Оңтүстік Корея спортшысы Пак Джеунға жол берді. Осылайша ол қола медаль үшін өтетін белдесуде Сингапур өкілі Пол Тянь Чжи Лиммен кездеседі.

Дәл осы салмақта Адлан Мадаев жұбаныш белдесуінде Пол Тянь Чжи Лимнен (Сингапур) жеңіліп қалды.

Жағажай Азиадасында қазақстандық волейболшылар тағы жеңіске жеткенін жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью