Дзюдо: Қазақстан командасы Аустрия Гран приін 1 алтын, 1 қоламен аяқтады

09.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан құрамасы жарысты 1 алтын, 1 қола медальмен аяқтап, жалпыкомандалық есепте 7-орын алды. Линцтегі бәсекеде 21 елдің спортшысы жүлдеге ие болды.
Жарыстың алғашқы күні -60 кг салмақта Шерзод Давлатов қола жүлдегер атанды. Ал екінші күні -81 кг салмақта Әділет Алмат қарсыластарына дес бермей, чемпион атанды. Бұл – оның Гран-при санатындағы алғашқы алтыны.

Бүгін Ақерке Рамазанова (+78 кг) қола медаль үшін Эстония спортшысына жол берді. Ал -100 кг салмақта Марат Байкамуров жұбаныш кезеңінде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Жорже Фонсекаға есе жіберді.

Аустриядағы жарысқа 59 елден 479 дзюдошы қатысты. Қазақстан құрамасы сапында 20 спортшы болды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью