Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Грузияның Тбилиси қаласында дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алғашқы жарыс күні төрт отандасымыз ел намысын қорғады.
66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Серікбаев финалға өтті. Ол жартылай финалда Давид Гарсия Торнені (Испания) жеңді. Осылайша, Нұрқанат финалда Туран Байрамовпен (Әзербайжан) белдеседі.
Ал Талғат Орынбасар 60 келіге салмақтың жартылай финалында Ицхак Ашпизге (Израиль) жол берді. Осылайша, ол қола жүлде үшін өтетін белдесуде украиналық Артем Лесюкпен кездеседі.
Ал Мағжан Шамшадин (60 келіге дейін), Ақылжан Жұбатқанов (66 келіге дейін) финалдық кезеңге өте алмады.