e CMR электрондық жүкқұжатын қолдану арқылы алғашқы пилоттық жүк тасымалы іске қосылды

16.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Астанада Көлік апталығы аясында Қазақстан – Ресей бағыты бойынша электрондық жүкқұжатты қолдану арқылы алғашқы халықаралық жүк тасымалының пилоттық жобасы іске қосылды.

Жоба Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында жүзеге асырылды.

© Photo : Көлік министрлігіe-CMR электрондық жүкқұжатын қолдану арқылы алғашқы пилоттық жүк тасымалы іске қосылды

e-CMR электрондық жүкқұжатын қолдану арқылы алғашқы пилоттық жүк тасымалы іске қосылды

© Photo : Көлік министрлігі

Іс-шараға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің көлік министрлері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының энергетика және инфрақұрылым жөніндегі мүшесі қатысты.

Алғашқы пилоттық тасымал Астана – Мәскеу бағыты бойынша ұйымдастырылды. Оның іске қосылуы халықаралық автомобиль тасымалдарын цифрландыру және ЕАЭО мемлекеттері арасындағы өзара іс-қимылды дамыту жолындағы қадам болды.

© Photo : Көлік министрлігіe-CMR электрондық жүкқұжатын қолдану арқылы алғашқы пилоттық жүк тасымалы іске қосылды

e-CMR электрондық жүкқұжатын қолдану арқылы алғашқы пилоттық жүк тасымалы іске қосылды

© Photo : Көлік министрлігі

"e-CMR қолдану құжаттарды рәсімдеуге жұмсалатын шығындарды қысқартуға, тасымалдау процесіне қатысушылар арасында ақпарат алмасуды жеделдетуге, жүк мәртебесі туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде алуға және қағаз құжат айналымына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді", - деді Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті.

Пилоттық жоба Қазақстан – Ресей бағыты бойынша электрондық жүкқұжатты қолдану тетіктерін пысықтауға және халықаралық тасымалдар саласындағы цифрлық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью